«NXplorers:  Gylymi saiahat» ғылым фестивалі

«Shell» компаниясының «Caravanof Knowledge» корпоративтік қорының қолдауымен 2023 жылдың  4 қарашасында «NXplorers:  Gylymi saiahat» ғылым фестивалі өтіп жатыр.

Шараның мақсаты – оқушыларда Nxplorers пәнаралық тәсіл әдіснамасын түсіну мен пайдалану қабілеттерін қалыптастыру.

Фестивальде Nxplorers әдіснамасының, экология, химия-биология ғылымдарының өзекті тақырыптары қозғалады. Дәрістер, шеберлік сыныптар, семинарлар, квесттер мен викториналар және естелік сыйлықтар ұтыс ойыны өткізіледі.

Фестиваль AIFC Property Offices базасында Мәңгілік Ел, 55/23 мекенжайы бойынша өтуде.

Фестивальге Астана қаласы білім беру ұйымдарынан 7-11 сынып оқушылары қатысуда.