Астаналық дарындар Республикалық Төлеген Айбергеновоқуларына қатысады

2023 жылдың 2-3 қараша күндері Алматы қаласында республикалық Т.Айбергенов оқулары өтеді.
Оқушылардың поэзияға, өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған шараға елордалық 5 оқушы қатысады. Олар Астана қаласы білім беру ұйымдарының 5-11 (12) сынып оқушылары арасында өткен қалалық кезеңінің жеңімпаздары №16 орта мектептің 8 сынып оқушысы Түгел Амина, №37 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Атымтай Аружан, №52 мектеп – гимназиясының 8 сынып оқушысы Ахан Назалы, №59 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Досанбек Мадина және № 62 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Кушербаева Айгерим қатысады.
Республикалық Төлеген Айбергенов оқуларының «Өз ғасырым өзімнің иінімде» номинациясында Түгел Амина, «Барады кең дүние әнге айналып» номинациясында Атымтай Аружан, «Жүрегімнің лапылдаған отымен» номинациясында Ахан Назалы, «Толқиды бір кеудемде кернеген шер» номинациясында Досанбек Мадина, «Шын дос болсаң бір келіп сырласып кет» номинациясында Кушербаева Айгерим өнер көрсетеді.
Оқушыларыға республикалық сайыста сәттілік тілейміз!