Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтеді

Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы жалпы білім беретін орта мектептердің8-11 сынып оқушылары арасындағыреспубликалық «Махамбет оқулары» байқауының қалалық кезеңі2023 жылғы 28 қазан күні №38 мектеп-лицейдің базасында өтетінін хабарлайды.
Байқау 5 бағытбойынша өтеді:

  1. «Ұлы арман» — Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
  2. «Ел құтқарар ер едім …» — Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы;
  3. «Шашақты найза, шалқар күй» — Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы;
  4. «Тартынбай сөйлер асылмын …» — жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;
  5. «Біз неткен ер, неткен ер?
    Сергелдеңмен өткен ер»- «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
    Әр білім беру мекемесінен әр бағытқа 1 оқушыдан, жалпы саны 5 оқушы қатысады.
    Мекенжайы: Астана қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі, 8/2.
    Тіркелу: сағат 08.00. – 08.45. аралығы.
    Басталуы: сағат 09.00.