Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына іріктеу

             «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мемлекеттік мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі даярлық топтары арасында өтетін «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына вокал (жеке және топтық), хореография, балалар музыкалық аспаптарында ойнау номинациялары бойынша бойынша іріктеуге тіркелу басталғанын хабарлайды.

           Бүлдіршіндердің көркем шығармашылық, эстетикалық талғамын қалыптастыру, талантын шыңдап, өнерге басқан алғашқы қадамдарын қолдау мақсатында ұйымдастырылатын «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына алдын ала тіркеуден өткен бейнематериал бойынша өнерпаздар іріктеледі.  

       Іріктеудің қорытындысы 14 қараша күні «Астана дарыны» орталығының телеграмм каналында қойылады.