Елорданың дара баласы

Бүгін 27 қазан күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсенбаев еліміздің мақтанышына айналған дарынды оқушылармен кездесті.
Дарабоздардың қатарында дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Бақтыбай Ғалымжан да болды. Ғалымжан биология пәнінен Халықаралық (ІВО) олимпиадасының қола медаль, республикалық пәндік олимпиаданың алтын медаль иегері.
Бәсекелі білім бәйгесінде топжарған еңбек нәтижесін бағалайтын мұндай кездесу жастарға жігер беріп, жаңа жеңістерді бағындыруға ынтасын арттырады. Елордалық жас дарынның алар асуы аласармасын!