«Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының  қорытындысы

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты Республикалық жас ақындар айтысы 2023 жылдың 28-30 қыркүйек аралығында Алматы обылысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өтті. Астана қаласынан 2 оқушы қатысты. Олардың бірі елордалық № 87 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы –Мислабек Назар «қайым айтыс» бағыты бойынша III орынды иеленсе, екіншісі № 86 мектеп- гимназиясының 11- сынып оқушысы Жақатаева Науат Жамбыл ауданы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.Жүлдегерлерді және оларды осы додаға арнайы баптаған жетекшілерін жетістіктерімен құттықтаймыз! Сөз тізгінін ұстайтын дарындарымыз көп болсын!