«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Астана қаласының Білім басқармасы мен «Elorda Aqparat» медиасеріктестігінің Республика күніне арналған «Мектеп және медиасауаттылық» бірлескен жобасы аясында Астана қаласының 25 жылдығына орай білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Ел жүрегі – Елорда» шығармалар байқауы өтетінін хабарлайды. (Ережесі Қосымшада).
Байқаудың мақсаты: журналист болуға ынталы оқушыларды қолдап, шығармашылық қабілетін шыңдау; орта және жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуға үлес қосып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, газет редакцияларымен байланысын нығайту; елордадағы білім беру мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық байланысты дамыту.
Қатысушы өз шығармасында мектеп оқушыларының білім, инновация, спорт және мәдениет саласындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашып, арманын жүзеге асырудағы Астананың рөліне тоқталуы тиіс.
Шығармалар 2023 жылдың 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қабылданады.
Қатысушылар байқау жұмыстарын baiqay-astana@mail.ru электронды поштасына жібереді.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (707) 560-18-08.
«Ел жүрегі – Елорда» атты Астана қаласының оқушылары арасында
өтетін шығармалар байқауының ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Шығармашылық байқау Астана қаласының 25 жылдығына арналады.
1.2. Ереже осы Байқауды өткізудің мақсаты мен міндеттерін және тәртібін айқындайды.
1.3. Байқаудың мақсаты:
– Журналист болуға ынталы оқушыларды қолдап, шығармашылық қабілетін шыңдау;
– Орта және жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуға үлес қосып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, газет редакцияларымен байланысын нығайту;
- Елордадағы білім беру мекемелері мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық байланысты дамыту.
2. Байқауды өткізу тәртібі
2.1. Шығармалар 2023 жылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қабылданады.
2.2. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
– Байқауға 7-11 сынып оқушылары қатыса алады;
– Қатысушы өз шығармасында мектеп оқушыларының білім, инновация, спорт және мәдениет саласындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерін ашудағы, арманын жүзеге асырудағы Астананың рөліне тоқталуы тиіс;
– Шығармалар қазақ тілінде қабылданады;
– Байқауға қатысатын оқушы 1 шығарма ғана ұсынады;
– Қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды;
– Мақала А-4 форматында, TimesNewRоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.
– Шығарма 3 беттен аспауы тиіс.
3. Байқауға жіберілетін материалдарды ұсыну тәртібі:
3.1. Қатысушылар байқау жұмысын baiqay-astana@mail.ru электронды поштасына жібереді;
3.2. Байқау жұмысының электронды нұсқасы (автордың дерегінсіз) бөлек файлмен жіберілуі тиіс;
3.3. Алғашқы беттің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады;
3.4. Автор туралы ақпарат бөлек парақта жолданады және келесі мәліметтерді қамтуы керек: аты-жөні, тұрғылықты мекен жайы, телефон нөмірі, электронды поштасы, фотосуреті, автор туралы қысқаша ақпарат.
4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі:
4.1. Ұйымдастырушылар келіп түскен өтінімдерді іріктейді.
4.2. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
4.3. Байқаудың әділдігін сақтау үшін қазылар алқасы туралы ақпарат Байқау қорытындысы шыққанша жарияланбайды.
4.4. Конкурстық комиссия 5 адамнан құралады: олардың құрамына еліміздің және қаламыздың медиа саласының белгілі журналистері кіреді;
4.5. Жеңімпаз бен жүлдегерлерді Комиссия дауыс беру арқылы анықтайды әрі Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
5. Байқауды қорытындылау
5.1. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне арнайы жүлде қарастырылады.
Бас жүлде – «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жолдама.
1 орын – планшет.
2 орын – смартфон (екеу).
3 орын – смартсағат (үшеу).
Арнайы сыйлық – сымсыз құлаққап(екеу).
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефоны: 8 (707) 560-18-08.