Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі

Жалпы білім беретін орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық кезеңі 2023 жылғы 23 кыркүйек күні Астана қаласындағы №72 мектеп-лицейінің базасында (А. Байтұрсынов көшесі, 25) өтетінін хабарлаймыз.
Ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.
Байқау 6 бағытта өтеді:
1. Шешендік өнер, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драма);
3. Эссе жазу;
4. Ұлттық аспапта өнер көрсету (домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
5. Ақындар айтысы;
6. Ақындар мүшәйрасы.
Байқаудың қалалық кезеңіне алдына ала https://forms.gle/T52tgrY1STWvnsdf6

сілтемесі арқылы тіркеуден өткен үміткерлер қатысады. Әр білім беру мекемесінен әр номинацияға 1 оқушыдан.
Республикалық кезеңге іріктеу нәтижесінде жеңімпаз атанған өнерпаздардан Ережеде көрсетілген өнер түрлері бойынша құрылған елордалық команда жіберіледі.
Байқаудың ережесі www.daryn.kz сайтында берілген.

астана_дарыны
@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat_nur_sultan
@jenis__kasymbek
@s_kassymkhan
@zhanar.beisenbayeva
@tursunov_gazdembek
@rspc_daryn
@72school_lyceum