V Республикалық «Абайтану» олимпиадасы

Елордалық жас абайтанушылар жеңіспен оралды2023 жылғы 26-28 маусым аралығында Алматы қаласында V Республикалық «Абайтану» олимпиадасы өтті. Жас дарындардың Абай шығармашылығын танудағы білімдерін сарапқа салатын олимиададаға облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 9-11 сынып оқушылары қатысқан болатын. Білім бәсекесінде Елорда намысын қорғаған олимпаиадашылар үздік нәтиже көрсетіп, жүлдемен оралды. Жеңіс тұғырынан көрінген олимпиадашыларымыз — Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Ұлпан Арғынбаева 1-орынды, 11-сынып оқушысы Меруерт Асембаева 2-орынды иеленді.Естеріңізге сала кетейік, V Республикалық олимиададаға Астана қаласындағы Б. Майлин атындағы № 52 мектеп-гимназиядан 1 оқушы, Абай Құнанбайұлы атындағы № 87 мектеп-гимназиядан 3 оқушы қатысқан болатын. Астанның олимпиада қоржынын алтын және күміс медальдармен толтырған жас дарындарға және оны республикалық білім бәйгесіне баптаған ұстаздарға алғыс білдіреміз!