«Қазақ хандығы» қалалық турнирінің
БАСПАСӨЗ ХБАРЛАМАСЫ

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 26 мамырында 8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақ хандығы» қалалық турнирін өткізеді. Ережеге сәйкес, турнирге әр мектептен 1 баладан қатысады. Турнир мемлекеттік тілде өтеді.Турнирдің мақсаты: оқушылардың тарихи білімділігін, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын арқылы тарихи танымын дамыту. «Қазақ хандығы» — қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне негізделген ойын. Ойында қарсыласқа барымта жасау сияқты қазақ халқының салт-дәстүрі ескерілген. Сонымен қатар, «көрімдік», «қалың мал», «тойбастар» карталарын аша отырып, қарсыласыңызға қолқа салып, ұпай жинауыңызға болады. Қатысушылар ойын арқылы-ақ хандыққа бастар жолдың оңай емес екенін түсінеді. Оқушыларда адамгершілік, құндылық түсініктерін дамытатын, әлеуметік-мәдени маңызы зор турнирге қатысуға елорда мектептерінен 56 оқушы тіркелді. Қатысушылар «Қазақ хандығы» ойынының ережесімен таныс болуы керек.Өтетін орны: Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы (Ақан сері көшесі, 22). Басталуы: сағ. 09.00 Тіркеу: сағ. 8.00-8.30