Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқуларының қорытындысы

2023 жылдың 12 мамыры күні Павлодар қаласында республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті. Ақтық кезеңге қатысқан елордалық оқушылар жүлдегер атанды. «Мәшһүр Жүсіп шығармалары бойынша ғылыми жоба қорғау» номинациясынан #57 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Доскен Ділдә және «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы ұлы тұлғалар» бағыты бойынша #58 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Төрехан Еркеш жүлделі ІІІ орын иеленіп, «Дарын» РҒПО дипломдарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүлдегерлерді құттықтаймыз!