7-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытындысы

2023 жылдың 6 мамыр күні «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «NURORDA мектеп-лицейі» базасында өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттай отыра, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. Ережеге сәйкес «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасына 5 бағыт бойынша Астана қаласынан 10 оқушы қатысып:1. «Бейнелеушілер» байқауында (қазақ тобы):I орын- Байтөре Алихан (Қаныш Сәтбаев атындағы Binom school мектеп-лицейі)2. «Жас қаламгер» байқауында (қазақ тобы):I орын- Баймұханбет Нұрай (№57 Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектеп)3. «Бейнелеушілер» байқауында (өзге ұлт тобы):III орын- Айдогду Есма (Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты)4. «Білгірлер бәйгесі» байқауында (өзге ұлт тобы):III орын- Абдырахманов Нурислам (№93 мектеп-лицейі)5. «Сөз шеберлері» байқауында (өзге ұлт тобы):III орын- Чолак Элифнұр (Spectrum халықаралық мектебі)Олимпиаданың қорытындысы бойынша Астана қаласы «Ең үздік команда» номинациясына ие болды. Барлық жүлделі орынға ие болған қатысушыларды, мұғалімдерді және ата-аналарды құттықтаймыз!