Қазақ тілінде әртүрлі бағытта пайдалы ақпараттармен (лайфхак) бөлісетін бейнероликтер байқауының қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес Қазақ тілінде әртүрлі бағытта пайдалы ақпараттармен (лайфхак) бөлісетін бейнероликтер байқауының (бұдан әрі – Байқау) қалалық кезеңін 2023 жылдың 3 мамырыңда орталықтың базасында өткізді. Байқаудың қалалық кезеңіне қатысуға мектепке дейінгі ұйымдардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан 6 мектептен 20 жобаға өтінім қабылданды. Қазылар алқасы қатысушылардың видеоматериалдары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады: ІІ орын -3 (Астана қаласы Абай Құнанбайұлы №87 мектеп-гимназия, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі,Астана қаласы «№12 балабақша-бастауыш мектеп» кешені» Талғат Аслан 2-сынып) ІІІ орын – 2 (Астана қаласы №27 мектеп-лицейі Қадір Альтаир-сынып, Астана қаласы №32 мектеп-гимназия 10-сынып) Қазақ тілінде әртүрлі бағытта пайдалы ақпараттармен (лайфхак) бөлісетін бейнероликтер байқауының қалалық кезеңі жеңімпаздары ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сертификаттар мен дипломдар электронды нұсқада «Астана дарыны» орталығының сілтемесі арқылы беріледі.