Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадасы

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада 2023 жылдың 2-4 мамыры күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтеді. Мақсаты: жас дарындарымыздың төл әдебиетіміз бен мәдениетімізге, ана тілімізге деген қызығушылықтарын ояту, Алтайдан Аризонға дейін даңқы асқақтаған ұлт ұстазы рухын ұлықтау. Аталған олимпиадаға Астана қаласының білім беру мекемелерінен (15 мектептен, 16 оқушыдан) құралған команда шұрайлы шығысқа жол тартты. Қалалық олимпиадалар мен оқулардан жүлделі орын алған жеңімпаздарымыз іріктеліп команда құрамына енді. Елордалық дарынды оқушыларымыз астанамыздың намысын білім додасында абыроймен қорғап келеді деп сенім артамыз! Қатысушыларға сәттілік тілейміз!