ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауы

2023 жылдың 27 сәуірінде «Астана дарыны» орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 3-4 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді.Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулуға бағытталған іс-шараға елордалық білім беру мекемелерінен 3-сыныптан – 74 оқушы, 4-сыныптан – 74 оқушы қатысты. 3-сынып оқушылары ережеде ұсынылған Абайдың аудармаларын жатқа оқып, шумақтарды шатастырмай, кідіріссіз жалғастырып отырды. Қазылар алқасы қатысушының сөйлеу мәнері мен анықтығын, мәтіннің бейнелік жүйесі мен мазмұндық құрылымын терең сезінуін, әртістік шеберлігін бағалады. Байқауға қатысқан 4-сынып оқушылары алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттап, қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастырып отырды. Нәтижесінде байқауға қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:3 — сынып:I орын: №№24 ОМ,40 МЛ, 58 МГ, 66 МЛ, 86 МГ, 87 МГ; II орын: №№ 3 МГ, 31МГ, 37 МЛ, 48 МЛ, 51 МГ, 61 ОМ, 67 Г, 68 МГ, 73 МЛ, 74 МГ, 77 МГ, 87 МГ; III орын: №№4МГ, 10 МГ, 14 МГ, 19 ОМ, 26 МГ, 38 МЛ, 50 МЛ, 57 ОМ, 60 МЛ, 70 МЛ, 72 МЛ, 78 МГ, 83 МГ, Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM, Ы.Алтынсарин атындағы BINOM; грамота: №№2МГ, 6 Г, 8 МЛ, 27 МЛ, 44 ОМ, 49 ОМ, 55 ОМ, 62 МЛ, 63 МГ, 75 МГ, 76 МЛ.4 — сынып:I орын: №№ 51МГ, 56МЛ, 73МЛ, 86МГ, 87МГ, Қ.Сәтбаев атындағы BINOM; II орын: №№ 3МГ, 7МГ, 24ОМ, 32МГ, 40МЛ, 48МЛ, 54МЛ, 61ОМ, 65МГ, 95МЛ; III орын: №№ 19ОМ, 28МЛ, 30МГ, 33БМК, 34ОМ, 50МЛ, 52МГ, 57ОМ, 62МЛ, 72МЛ, 74МГ, 76МЛ, 80МГ, 83МГ, 88МЛ, 93МГ, А.Байтұрсынов атындағы BINOM; грамота: №38МЛ.Байқау жеңімпаздары «Астана дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталады.Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!