✨Еуропалық математикалық олимпиадада тамаша нәтиже!

2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында Порторож қаласында (Словения) қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиада (EGMO) өтті. Олимпиадаға әлемнің 60 елінен 240 ең мықты математик қыздар қатысты.​Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасының қоржыны 4 медальға толығып, командалық есепте 15 орынды иеленді. Төрт қызымыз да төрт жүлделі орынға ие болды, соның ішіндеТемирзинова Мерей — Haileybury Astana мектебінің 12-сынып оқушысы — күміс медаль.​Мерейді, оның жаттықтырушысы мен ата-анасын тамаша нәтижемен құттықтаймыз!💐💐💐