Республикалық «М.Мақатаев» оқуларының қалалық кезеңі қорытындысы

2023 жылдың 8 сәуір күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №74 мектеп-гимназиясы базасында 8 — 11 сынып оқушылары арасында республикалық «М.Мақатаев» оқуларының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты: оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой-пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу. Ережеге сәйкес «М.Мақатаев» оқулары 3 номинация бойынша 112 оқушы қатысып: 1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында 53 оқушы: Бас жүлде – №24 ОМ; І орын – №№:58 МГ, 70 МЛ, 71 МЛ, 90 Г; ІІ орын – №№:53 МЛ, 57 ОМ, 68 МГ, 69 МГ, 74 МГ, 93 МЛ; ІІІ орын – №№: 3 МГ, 8 МЛ, 11 МЛ, 50 МЛ, 55 МЛ, 67 Г, 86 МГ, 92 МЛ, Қ. Мырза Әлі ат.Binom; Грамота – №№: 26 МГ, 30 МГ, 32 МГ, 72 МЛ, 79 МЛ, 84 МГ, 88 МЛ.2. «Жыр эстафетасы» номинациясында 25 оқушы: Бас жүлде – №54 МЛ; І орын – №89 МЛ; ІІ орын – №№: 63 МГ, 80 МГ, 86 МГ; ІІІ орын – №№: 4 МГ, 24 ОМ, 51 МГ; Грамота – №№: 2 МГ, 7 МГ, 50 МЛ, Zharkyn smart мектебі.3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясында 34 оқушы: Бас жүлде – №67, І орын – №№: 72 МЛ, 84 МЛ, ІІ орын – №№.52 МГ, 68 МГ, 90 Г, 93 МЛ; ІІІ орын – №№: 34 ОМ, 49 ОМ, 50 МЛ, 65 МГ, 66 МЛ, 74 МГ, Nurorda МЛ; Грамота – №№: 4 МГ, 64 МЛ, 85 МЛ, 87 МГ иеленді. Әр номинацияның бас жүлде иегерлері республикалық кезеңде бақ сынайды. Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!