«Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқулары

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау мақсатында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларын ұйымдастырады.Оқу Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2023 жылдың 07 сәуірінде 8-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Оқу мемлекеттік тілде және үш бағыт бойынша өткізіледі:«Ілияс — эпик ақын» — Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту;«Сұлу сөздің сүлейі» — Ілияс Жансүгіров өлеңдерін немесе прозалық, драмалық шығармаларын мәнерлеп оқу; «Ағынды менің-Ақсуым» — ақынға арнап жазған шығармасын жатқа оқу. «Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларына елорда білім беру мекемелерінен 55 қатысушы тіркелді. Өтетін орны: Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясы (Ақан сері көшесі, 22). Басталуы: сағ.10.00

Акт