2023 жылдың 07 сәуірінде Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп гимназиясында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында «Қазақ поэзиясының Құлагері» қалалық Ілияс Жансүгіров оқуларын өткізді. Оқудың мақсаты:- жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау;- жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;- оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге баулу.- жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.Үш бағыттан тұратын оқуға елордалық білім беру мекемелерінен 53 оқушы (І бағыт бойынша 14 оқушы, ІІ бағыт бойынша 23 оқушы, ІІІ бағыт бойынша 16 оқушы) қатысты.І бағыт — Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту; ІІ бағыт — Ілияс Жансүгіров өлеңдерін немесе прозалық, драмалық шығармаларын мәнерлеп оқу;ІІІ бағыт — ақынға арнап жазған шығармасын жатқа оқу.Нәтижесінде оқуға қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:Ілияс Жансүгіровтің поэмаларын жатқа айту бағыты бойынша:I орын: № 26 МГ;II орын: № 58 МГ;III орын: №№ 49 ОМ, 7МГ, 4 МГ;Грамота: №№ 83 МГ, 91 МГ.Ілияс Жансүгіров өлеңдерін немесе прозалық, драмалық шығармаларын мәнерлеп оқу бағыты бойынша:I орын: № 58 МГ;II орын: №№ 2 МГ, 63 МГ, «Zharkyn Smart»;III орын: №№ 34 ОМ, 48 МЛ, 70 МЛ;Грамота: №№ 37 МЛ, 49 ОМ, 81 МГ, 83 МГ.Ақынға арнап жазған шығармасын жатқа оқу бағыты бойынша:Бас жүлде: 67 МГ; I орын: № 69 МГ;II орын: №№ 2 МГ, 51 МГ;III орын: №№ 7 МГ, 58 МГ, Қаныш Сәтбаев атындағы Binom School мектеп-лицейі;Грамота: №№ 35 МЛ, 54 МЛ, Ыбырай Алтынсарин атындағы Binom School мектеп-лицейі.Байқау қатысушыларының жетекшілеріне «Білім берудегі икемді дағдылар. Эмоционалды интеллект» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!