«Тілім менің – тірлігімнің айғағы»

Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша  өтетін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық  олимпиаданың қалалық  кезеңі

2023 жылдың 15 наурызында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясы бірлесе отырып  Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы бойынша  өтетін «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ауызша командалық  олимпиаданың қалалық  кезеңін ұйымдастырды. 

Мақсаты: Білім алушылардың  жалпы пәндер (қазақ, орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, математика) бойынша бәсекелесе алу қабілетіне жол ашу, дарынды балалардың ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды саралай, бағалай білуге баулу.

Олимпиада мемлекеттік тілде өтеді.

Олимпиадаға қатысушылар:

  • мектепалды даярлық топтары;
  • 1-6 сынып оқушылары;
  • колледж студенттері.

     Олимпиадаға 8 астаналық білім беру мекемесінен 416 бала қатысты.

    Қалалық  кезеңге мектепішілік кезеңнен іріктелген, бес баладан тұратын команда қатысты. Сараптау барысында оның үшеуі халықаралық олимпиадаға  жолдама алды.

 Қалалық  кезеңде жеңімпаз атанған команда мүшелеріне «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының  сертификаттары беріледі.

             Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!