«Алтын түлек»

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе  отырып 2023 жылы 11 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңін өткізді.  

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: мектеп оқушыларының арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.

Олимпиаданың өңірлік кезеңі 2022 жылдың 22 қарашасында онлайн форматта өткізілген. 

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңіне Астана қаласынан 152 оқушы қатысты. 

Қазылар алқасының шешімімен 10-11 сынып оқушылары арасында республикалық (қорытынды) кезеңінің қатысушылары келесі жүлделі орындарға ие болды:

10 сынып: I орын-5; II орын-14; III орын-16; грамота-15.

11 сынып: I орын-5; II орын-13; III орын-20; грамота-6.

Республика бойынша ең жоғары ұпайды иеленген (90 ұпай) Астана қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінің 11-сынып оқушысы  Жанахметов Ансарға CYPRUS SCIENCE UNIVERSITY гранты табысталды.

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің грантын Астана қаласындағы №93 мектеп — лицейінің 11- сынып оқушысы Байжұма Айбек иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының І, II, III дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды.  

Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!