Республикалық «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауының қалалық кезеңі  

2023 жылдың 9 наурызында «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ҚР ОАМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес қазақ халқының мәдени мұрасы, салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын, белсенділігін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Наурыз мейрамын тойлауға арналған республикалық «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауының қалалық кезеңін өткізіп жатыр. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік тілде оқып, тәрбие алушы 3-5(6) жас аралығындағы балалар мен ата-аналары қатысуда. «Шымырлық пен шеберлік күні» екі блоктан тұрады:«Ханталапай» балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі ұлттық ойындарын (қимылды, сюжетті-рөлдік және басқа) өткізу«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» балалар мен ата-аналардың арасында мата, жүн, былғары, киіз, ағаш,жіп, қағаз,сазбалшық және т.б. заттардан қолөнер туындыларын әзірлеу. Байқаудың қалалық кезеңінің қорытындысы наурыз айының 10-11-і күндері аралығында «Астана дарыны» телеграмм каналына қойылады. «Ханталапай» ұлттық ойындар байқауында жеңімпаз атанған бір команда және «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» қолөнер байқауының екі жеңімпазы республикалық кезеңге қатысу жолдамасын алады.