«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін» шығармашылық байқауы

Алматы қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында республика көлемінде өткізілген «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін» шығармашылық байқауында елордалық оқушылар жүлдегер атанды. Байқау онлайн форматта өтті. Оқушыларымыздың байқау тақырыбы бойынша жазылған шығармалары үздік деп танылып, нәтижесінде9-сынып оқушылары арасында #58 мектеп-гимназиясының оқушысы Бигараева Аида ІІ орын, 10-сынып оқушылары арасында #66 мектеп-лицейінің оқушысы Ербол Айсая ІІІ орын, 11-сынып оқушылары арасында #4 мектеп-гимназиясының оқушысы Сержанқызы Ақмаржан ІІІ орын иеленді. Жүлдегер оқушылар мен жүйріктерімізді баптаған ұстаздарын құттықтаймыз!