ІІІ қалалық «Құтты білік» оқулары

2023 жылдың 25 ақпан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №63 мектеп-гимназиясының базасында елордалық білім мекемелерінің 5-7 сынып оқушылары арасында ІІІ қалалық «Құтты білік» оқулары (әрі қарай — Оқулар) өткізеді. Жас ұрпақты халық ауыз әдебиетінің жауһарларымен сусындатып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көркемсөз оқу шеберлігі мен шығармашылығын дамыту мақсатын көздеген оқулар Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына және күрескер ақынның шығармашылығына арналады. Оқулар 4 номинация бойынша өткізіледі:1. «Топжарған» — шығармадан жатқа, мәнерлеп үзінді оқу номинациясы;2. «Ақ қауырсын» — ақындар мүшайрасы номинациясы;3. «Ойтолғау» берілген тақырыпқа эссе жазу номинациясы;4. «Сыр сандық» ұсынылған тақырып бойынша шешендік өнер номинациясы.Басталуы: сағ.: 9:00-де, қатысушыларды тіркеу: сағ: 8:15-8:00.