ІІI қалалық «Мәуелі мұра» оқулары

2023 жылдың 28 қаңтар күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы №83 мектеп-гимназиясы базасында8 — 11 сынып оқушылары арасында ІІI қалалық «Мәуелі мұра» оқуларын (әрі қарай — Оқулар) өткізетінін хабарлайды.

          Жас ұрпаққа қазақ әдебиеті шығармаларын  насихаттап, құнды қазыналарымызды білу қажеттілігін көрсету, олардың әдеби тіл байлығы мен көркемсөз оқу шеберлігін дамыту мақсатында ІІI қалалық «Мәуелі мұра» оқулары балалар әдебиетінің классигі, ақын Ғафу Қайырбековтің шығармашылығына және 95 жылдық мерейтойына арналады.     

          Өтетін орны: №83 мектеп-гимназиясы (А.Байтұрсынов көшесі 35).

         Өтетін уақыты— тіркеу: сағат. 08:15-08:40;  басталуы: сағат. 09:00.

Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация бойынша өткізіледі:  

1. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» — ақындар айтысы номинациясы;

2. «Толғауы тоқсан қызыл тіл….» — ақындар  мүшәйрасы номинациясы;  

3. «Таза, мінсіз асыл сөз….» — эссе жазу номинациясы;

4. «Әдебиет танытқыш» — шығарма мәтінінің көркемдік құрылысын талдау  номинациясы.     

Әр білім беру мекемесінен әр номинация бойынша тек 1 оқушыдан қатыса алады.

         Оқулардың Ережесі, талаптар мен тапсырмалар (Қосымша 1,2) хатқа қоса беріледі.

Оқуларға қатысу туралы сұранысты 2023 жылдың 17 қаңтарына дейін көрсетілген сілтеме арқылы http://surl.li/dpkvf  тіркеу қажет.