Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласының шығармашыл дарынды жастары ҚР Парламентінің сенатында болды

15 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Астана қаласының шығармашыл дарынды жастары ҚР Парламентінің сенатында болды. Әр түрлі республикалық, қалалық шығармашылық байқаулар мен оқулардың жүлдегері атанған елордалық оқушыларға Сенат үйінде экскурсия жүргізіліп, ҚР Парламентінің сенаты жайлы толық таныстырылды. Сенат депутаттары Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы мен Қапбарова Айнұр Жарылқасынқызы өнерлі өрендермен кездесіп, елдік пен ұлттық құндылықтар жайлы әңгіме өрбітті. Оқушылар да өз ойларымен бөлісіп, ел қалаулыларына алғыстарын білдірді.

@bilimastana
@oqu_agartu_ministrligi
@aimagambetov
@akimat_nur_sultan
@altay_kulginov_official
@s_kassymkhan
@rspc_daryn