«Ұлт руханиятының алтын асығы» халықаралық танымдық-практикалық конференциясы

2022 жылдың 13 желтоқсан күні №54 мектеп-лицейінде Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған «Ұлт руханиятының алтын асығы» халықаралық танымдық-практикалық конференциясы өтті. Конференция барысында атаулы білім мекемесі мен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы бірлесіп өткізген І аймақтық «Алаштың ақсұңқары» Ақселеу оқуларының марапаттау рәсімімен жалғасты. «Астана дарыны» орталығының директоры Г.Қ.Тұрсынов жүлдегерлерді құттықтап І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін марапаттады.