«Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы

2022 жылдың 24 желтоқсанында (басталуы: сағат 11:00) Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» КММ, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Мұстафа Шоқай ғылыми орталығы және Астана қаласы Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп гимназиясы бірлесе отырып, Алаш ұлт азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, бүкіл түркі халықтары азаттық қозғалысының көсемі Мұстафа Шоқайға арналған «Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртының ұлы перзенті» атты онлайн және оффлайн аралас форматта халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өткізеді.Конференцияның мақсаты – түркі халықтары азаттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың тарихи тұлғасына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, оның аса мағыналы өмірі, сан салалы саяси қызметі мен шығармашылық мол мұрасы негізінде өскелең ұрпақты ұлттық рух пен отансүйгіштікке, қоғамдық белсенділік пен адамгершілікке тәрбиелеу. Конференция бағдарламасына баяндамаларды енгізу үшін баяндамашының аты-жөнін (толық), ғылыми дәрежесі мен атағын, лауазымын, ұйымын, мектебін, байланыс мәліметтерін, баяндама атауын көрсете отырып, өтінім жіберу қажет. Өтінімдер мен мақалалар 2022 жылдың 10 желтоқсанына дейін mustafashokay_konf@mail.ru поштасы арқылы электронды түрде қабылданады.Конференция қатысушылары: Астана қаласы мектептерінің 9,10,11 сынып оқушылары. Өткізілетін секциялар:1 СЕКЦИЯ. ХХ ғасыр басындағы Қазақстан мен Орта Азиядағы саяси әлеуметтік жағдай; 2 СЕКЦИЯ. Мұстафа Шоқайдың саяси қайраткер ретінде қалыптасуы, оның қоғамдық-саяси қызметі; 3 СЕКЦИЯ. Мұстафа Шоқай эмиграцияда;4 СЕКЦИЯ. Мұстафа Шоқай – кеңестік шындықтың қайсар сыншысы; 5-СЕКЦИЯ. Мұстафа Шоқайдың тәуелсіз ұлттық мемлекет туралы идеялары.