Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша қорытынды

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылдың 18 қарашасында колледждердің 1- курс
студенттері арасында зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға 16 кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінен 16 студент қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды:
ІІ орын:

  1. Касимов Батырхан- Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі;
    ІІІ орын:
  2. Ринатов Ералы- Астана медресе колледжі;
  3. Біләл Бейбарыс- Медициналық-техникалық колледжі;
  4. Садуахасов Дәулет- «Томирис» медициналық колледжі.
    Грамота:
  5. Темірбек Айғаным – Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі;
  6. Абдуносирова Асель – Қазақ бизнес және технология университетінің колледжі;
  7. Аблай Әмина – ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжі;
  8. Жумакул Акмаржан – Қызмет көрсету және туризм колледжі.
    Олимпиаданың қалалық кезеңі бойынша ең жоғары ұпай жинаған Касимов Батырхан, Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің студенті 2022 жылдың 24-25 қараша күндері Өскемен қаласы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің базасында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
    Республикалық кезеңге жолдама алған студентке сәттілік тілейміз!