Мен жастарға сенемін» VI республикалық оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы


«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылдың 7 қарашасындағы №474 хатына сәйкес «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау және анықтау орталығы 2022 жылдың 17 қарашасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 қазақ сынып оқушылары арасында «Мен жастарға сенемін» VI республикалық оқушылар айтысының қалалық іріктеу кезеңін өткізді. Қалалық іріктеу кезеңіне 7 мектептен 8 оқушы қатысып,
№ 86 мектеп-гимназиясы 10-сынып оқушысы Жақатаева Науат Бас жүлде;
№ 87 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мисалбек Назар І орын;
№ 90 гимназияның 9-сынып оқушысы Ибраш Нұрислам ІІ орын;
№ 38 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Азаматұлы Дінмұхаммед ІІІ орын;
№ 4 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Олжас Батан грамота иеленді.
2022 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласында өтетін республикалық айтысқа №86 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жақатаева Науат жолдама алды.
Барша жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Жас дарындардың шабыттары шарықтай берсін!