«Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық декада аясында2022 жылдың 10 қарашасы күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының психологиялық қызмет бөлімі әдіскері Т.Сатымбекова ата-аналарға арналған «Жасөспірімдер арасында буллингтің алдын-алу. Әр ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға 45 ата-ана қатысты. Семинардың мақсаты: « Құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары деңгейде дамыған тұлғаны қалыптастыруда ата-аналарға бағыт беру» Семинарда ата-аналарға жас ұрпақты буллинг және қатыгездіктен , сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және психикалық денсаулығына зардабын тигізетін ақпараттың теріс әсерінен қорғау туралы түсіндірді. Ата-аналар өзекті мәселе туралы өздерінің ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды, психолог кеңесіне алғыстарын білдірді.