Республикалық балалар оқуларының қорытынды кезеңі

2022 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Астана қаласы Әл Фараби атындағы оқушылар сарайында Республикалық балалар оқулары өтті.
Қорытынды кезеңге Астана қаласы атынан қалалық кезең жеңімпаздары қатысып, нәтижесінде №81 МЛ 10 сынып оқушысы Ерғалиева Аделья алғыс хатқа, №70 МЛ 4 сынып оқушысы Ұлағат Нұрай, №86 МГ 6 сынып оқушысы Нұржігіт Алуа, Ә.Бөкейхан ат. BINOM МЛ 8 сынып оқушысы Ерлан Айгерім, әрқайсысы жүлделі 3 орынға ие болды.
Ақтық сында жақсы нәтижеге қол жеткізген елордалық оқушыларды құттықтаймыз!