Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңі бойынша қорытынды

    Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының іріктеу кезеңі бойынша қазылар алқасының отырысы 2022 жылдың 1 қараша күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығында өтті.

   Мектепке дейінгі білім беру мекемесінен 3-4 жас пен 5-6 жас ерекшелігіне қарай  «Вокал», «Хореография», «Көркемсөз» номинациялары бойынша 148  тәрбиеленушінің өнері бейнетаспадан қаралып, жинаған ұпай санымен байқаудың қалалық кезеңіне өткендер анықталды.

   Қазылар алқасының шешімімен іріктеуден өткен

«Вокал» (жеке орындау) 3-4 жас номинациясында 15 қатысушыдан 4 балабақша (№5«Ақбота»,№70«Құлыншақ»,№32«Балдәурен»,

№81«Әсемгүл»);

«Вокал» (жеке орындау) 5-6 жас номинациясында 25 қатысушыдан 6 балабақша(№24«Айналайын,№27«Балауса»,№34«Ақбидай», №38 «Шаттық», №65 «Бал бала», №50 «Жұлдыз»);

«Вокал» (вокалдық топ) 3-4 жас номинациясында 11 қатысушыдан 2 балабақша(№45»Самұрық»,№73»Аяулым»);

«Вокал» (вокалдық топ) 5-6 жас номинациясында 26 қатысушыдан 11 балабақша(№92 «Жауқазын»,№2 «Батыр»,№3 «Күншуақ»,№30 «Қайнар»,№33 «Алтын дән»,№41 «Балдырған»,№65«Бал бала»,№73 «Аяулым», №64 «Асыл бөбек»,№69 «Еркем-Ай»,№27 «Балауса»);

«Көркемсөз» номинациясында 48 қатысушыдан 6 балабақша(№27 «Балауса»,№28 «Жұлдыз»,№33 «Алтын дән»,№44 «Үркер»,№65 «Бал бала»,№71 «Мөлдір»);

«Хореография» номинациясында 23 қатысушыдан  5 балабақша(№32 «Балдәурен»,№53 «Мерей»,№45 «Самұрық»,№ 70 «Құлыншақ»,№5 «Ақбота»

балабақшалардың өнерпаздары қалалық кезеңде бақ сынайды.

Қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының сахнасында өнер көрсететін бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз.

   Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.