«М.О.Әуезов – дәуір тұлғасы» атты қалалық деңгейінде мерекелік іс-шара

Бүгін, 28 қыркүйек күні «Астана дарыны» ДДжПСО мен Мұхтар Әуезов атындағы #86 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында «М.О.Әуезов – дәуір тұлғасы» атты қалалық деңгейінде мерекелік іс-шара және М.О. Әуезов шығармаларындағы құндылық және оқыту әдістемесі» атты І қалалық конкурсы өтуде. Конкурс басында мектеп ұжымы қонақтарға «Әуезов әлемі» қылқалам, қолөнер шеберлері көзімен» атты сурет, қолөнер туындылары көрмесі, «Әуезов әлемі» атты бөлімі, Әуезовтің ғылыми кабинеті, «Әуезов айнасы» атты клубы, Мұхтардың жас кезінде ойнаған «Ярыш» командасын жандандыру мақсатында құрылған «Ярыш- 86» командасы таныстырды.
Қалалық конкурста №№87 МГ, №57 ОМ, №72 МЛ, №74 МГ, №83 МГ, № 93 МГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері понорамалық сабақ көрсетіп, сол мектептердің 9-11- сынып оқушылары эссе жазу байқауында бақ сынайды.