Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңі

Республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңі Астана дарыны» ДДжПС орталығы жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгеру, өлең жазу, ақындық, сөз өнерінің қадір-қасиетін түсіну, шығармашыл жастардың дарындылығын айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында IX республикалық «Ақберен» өнер байқауының қалалық іріктеу кезеңін (бұдан әрі – Байқау) 2022 жылғы 18 қазан күні № 70 мектеп-лицейінің базасында (байқауға қатысушыларды тіркеу – сағат 8.00-8.45., басталуы – сағат 9.00.) өткізетінін хабарлайды.
Байқау 6 бағытта өткізіледі:

  1. Шешендік өнер, білгірлік сайысы (қазақ тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру, шешендік өнер тарихын білу, шешен сөйлеу);
  2. Көркемсөз оқу (поэзия, проза, драма);
  3. Эссе жазу;
  4. Ұлттық аспапта ойнау ( домбыра, қобыз, жетіген және т.б.);
  5. Ақындар айтысы;
  6. Ақындар мүшәйрасы.
    Байқаудың қалалық кезеңіне қатысу үшін 2022 жылдың қыркүйек айының 30-на дейін қабылданады. Әр білім беру мекемесінен әр номинацияға 1 оқушыдан, жалпы саны 6 оқушы қатысады.
    Республикалық кезеңге іріктеу нәтижесінде жеңімпаз атанған өнерпаздардан Ережеде көрсетілген өнер түрлері бойынша құрылған елордалық команда жіберіледі.