«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ- ның ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2022 жылдың 23 қыркүйегі күні сағат 10:00-де №93 мектеп-лицейінің базасында (Ж.Нәжімеденов көш., 24) «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңін жалпы білім беру мекемелерінің 3-10 сынып оқушылары арасында өткізетінін хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, оқу сауаттылығын арттыру.
3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» және «Алпамыс батыр» ертегісі);
5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»);
7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»);
9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо).
Байқау күні қатысушыларды тіркеу уақыты: сағат 9:00-9:45 аралығында.
Байқаудың барлық шарттары мен өткізілу тәртібі «Астана дарыны» ДДжПСО-ның 2022 жылғы 22 тамыздағы №310/05-09 хаты мен қосымшасында көрсетілген. Аудандық кезең тапсырмалары тест түрінде және жазбаша (эссе жазу) түрде болады.
Республикалық балалар оқулары байқауының аудандық кезеңінің өткізілу күні өзгергендіктен, сұраныс қабылдау сілтемесі ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі күні жабылады. Аудандық кезеңге әр білім беру мекемесі 4 (төрт) оқушы ұсынады: 3-4 сыныптан 1 (бір), 5-6 сыныптан 1 (бір), 7-8 сыныптан 1 (1), 9-10 сыныптан 1 (бір) оқушы.