Республикалық «Мағжан оқулары» мәреге жетті

          2022 жылғы 24 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында  республикалық “Мағжан оқулары” ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

Атаулы іс-шарада Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғаған  №85 мектеп — лицейінің 10 — сынып оқушысы Абдимұрат Жұлдыз «Жасынан оқу оқып,  өнер қуған» номинациясы бойынша  ІІ орынға ие болды.

Конкурстық бағдарлама аясында  республикалық оқуға қатысқан барлық оқушылар Мағжан ағамыздың кіндік қаны тамған жер-Сарытомар ауылына барып, ақын шығармашылығына арналған мұражай мұрағаттарымен танысты. Сонымен қатар  байқау 25 маусым күні жабылу салтанаты аяқталған соң, қатысушылар Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.