«Жұлдызды шеру»

Бүгін, 24 мамыр күні Б.Майлин атындағы #52 мектеп-гимназиясында 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша түрлі деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми, интеллектуалдық, өнер және спорт сайыстарынан оза шауып бәйге алған оқушылар мен олардың ұстаздарын құрметтеуге арналған «Жұлдызды шеру» салтанаты өтті.