Қазақ тілі мен әдебиетінен ІV республикалық «Абайтану» олимпиадасы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 18-20 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы қаламгердің ақындық болмысына үңілуге, әдеби мұрасынан ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аталған олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының оқушылар командасы қатысып, төмендегідей нәтижеге ие болды:
ІІ орын: Арғынбаева Ұлпан- №87 МГ, 9-сынып;
ІІІ орын: Ынтықбай Ақниет- №52 МГ, 9-сынып,
Грамота: Сексенбаева Гулнур- №87 МГ, 11-сынып
№№66МЛ, 86 МГ, 74 МГ, 87 МГ оқушылары алғыс хатпен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!