2022 жылдың 20 мамыр күні қазақтың бас ақыны, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлына арналған ХХІІІ республикалық Абай оқуларының қалалық іріктеу кезеңін 8-11 сынып оқушылары арасында өтеді.
Абай оқуларының мақсаты – мектеп оқушылары арасында Абай және Шәкәрім шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, әдеби тіл байлықтарын, көркем сөз шеберлігін дамыту, оқушылардың классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Ережеге сәйкес Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізіледі:
1.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы…» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу;
2.«Абайдың қара сөздері» номинациясы – Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу;
3.«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы – Көкбай Жанатайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу;
4.«Көңілім әнді ұғады…» номинациясы – Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау;
5.«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда..» номинациясы – оқушының өз шығармалары;
6.«Ұлылар әлемі» номинациясы – Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.
Абай оқуларының қалалық іріктеу кезеңі Нұр-Сұлтан қаласы №87 мектеп – гимназиясында өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу сағат 9:00-де.
Оқулардың басталу уақыты: сағат 10:00.