Республикалық ІV «Абайтану» олимпиадасы

Қазақ тілі мен әдебиетінен ІV республикалық «Абайтану» олимпиадасы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 18-20 мамыр күндері аралығында Алматы қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында өтеді.
Олимпиаданың мақсаты: М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы қаламгердің ақындық болмысына үңілуге, әдеби мұрасынан ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Аталған олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының оқушылар командасы (№52 МГ, №66 МЛ, №74 МГ, №86 МГ, №87 МГ) қатысады.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!