Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларындағы елордалық оқушылардың жетістігі

Мамыр айының 4-5 күндері Алматы облысы білім басқармасы «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушылары арасында Алматы облысы Талдықорған қаласы Ақсу ауданында республикалық Ілияс Жансүгіров оқулары өтті.
Үш бағыт бойынша өткізілген оқуларға Нұр –Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінен:

  1. «Ілияс-эпик ақын» — ақын поэмаларын жатқа оқу номинациясына № 80 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Казимова Ақерке қатысып, ІІІ орынға ие болды, жетекшісі – Нұрышева Алия Қадырбайқызы.
  2. «Сұлу сөздің сүлейі» — ақынның өлеңдерін, прозалық, драмалық шығармаларын жатқа оқу номинациясына № 58 мектеп- гимназиясының 8- сынып оқушысы Сапарбек Нұрай қатысып, ІІ орын иеленді, жетекшісі – Жұмағалиева Жанерке Есмұратқызы.
  3. «Ағынды менің — Ақсуым» — жазба ақындар мүшайрасы номинациясына № 86 мектеп- гимназиясының 11- сынып оқушысы Әртелбек Асылжан қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды, жетекшісі – Акирапбаев Нұбол Болатбекұлы.
    Жас дарындар мен жетекшілерді құттықтаймыз және шығармашылық шабыт тілейміз!