Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада

2022  жылдың  3-6 мамыр  күндері  өтетін академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен құралған оқушылар командасы қатысады.

Олимпиаданың мақсаты: дарынды оқушыларын анықтау және қолдау көрсету, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін тереңдету, ұлттық мәдениетке баулу.

Дәстүрлі түрде өтіп жүрген олимпиада Ережеге  сәйкес ІІ турдан өтеді.                       

І тур – жазбаша, эссе;

ІІ тур – ауызша  түрде болады.   

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!