Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қалалық іріктеу кезеңі

2022 жылғы 4 мамыр күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының қалалық іріктеу кезеңі №57 орта мектебі базасында (Шарбақты к., 46) өтеді.
Оқулардың мақсаты – Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын дәріптеу, тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, әдебиетті, тіл мен өнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ұштау.
Ережеге сәйкес оқулар төрт номинация (әр номинацияға 1 (бір) оқушыдан) бойынша өткізіледі:

  1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» — жазба ақындар мүшәйрасы;
  2. Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» — ғылыми зерттеу жобасын қорғау;
  3. «Білімді зерек адам болам!» — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» — эссе жазу;
  4. «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» — ұлттың ұлы тұлғаларын сипаттау (презентация қорғау).
    Қатысушыларға сәттілік тілейміз!