«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылдың 29 сәуірінде 4-сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Екі номинациядан тұратын байқауға елордалық білім беру мекемелерінен 126 оқушы (I номинация бойынша 65 оқушы, II номинация бойынша 61 оқушы) қатысты.
I номинация Абай өлеңдерінен эстафета (алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттау), қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру.
II номинация — Абай шығармаларынан берілген «Әже-балаға сыншы», «Әже өнегесі», «Ақ бата» бағыттары бойынша оқушылар өнерлерін ортаға салып, сахналық көріністер көрсетті.
Нәтижесінде байқауға қатысушылар төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:
I номинация — Абай өлеңдерінен эстафета (алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттау, қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру:
І орын: №№27 МЛ, 38 МЛ, 54 МЛ, 59 МЛ, 61 МЛ, 85 МЛ;
ІІ орын: №№ 4 МГ, 26 МГ, 50 МЛ, 51 МГ, 52МГ, 56 МГ, 66 МЛ, 68 МГ, 89 МЛ;
ІІІ орын: №№8 МЛ, 15 МЛ, 24 ОМ, 31 МГ, 35 МЛ, 40 МЛ, 48 МЛ, 57 ОМ, 69 МГ, 79 МЛ, 87 МГ, 88 МЛ, 65 МГ, Binom «Ұлы дала»:
Грамота: №№64 МЛ, 78 МГ, 81 Г, 82 «Дарын», 83 МГ, 86 МГ, 90 МГ, Binom «Тұран».
II номинация — Абай шығармаларынан берілген бағыттар бойынша сахналық көрініс көрсету:
І орын: №№4 МГ, 66 МЛ, 83 МГ, 86 МГ, 87 МГ;
ІІ орын: №№49 ОМ, 56 МЛ, 65 МГ, 68 МГ, 71 МЛ, 74 МГ, 82 «Дарын»;
ІІІ орын: №№ 31 МГ, 33 ББК, 38 МЛ, 40 МЛ, 48 МЛ, 52 МГ, 57 ОМ, 61, ОМ, 62 МЛ, 64 МЛ, 69 ОМ;
Грамота: №№3МГ, 15 МЛ, 50 МЛ, 51 МГ, 54 МЛ, 59 МЛ, 89 МЛ, Binom «Тұран».
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!