Республикалық Қадыр оқулары қалалық іріктеу кезеңінің қорытындысы

            «Астана дарыны» ДДжәнеПС орталығы Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының хаты негізінде  Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің

5-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 29 сәуір күні №65 мектеп-гимназиясында республикалық Қадыр оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізді.

            Байқау ережеге сәйкес үш бағыт бойынша өтті:

1. «Сөзім барда – өзім бар» — ақын өлеңдерін жатқа оқу номинациясына 31 оқушы қатысып – 

Бас жүлде — №38 МЛ.

І орын – №№66 МЛ, 70 МЛ.

ІІ орын – №№69 МГ, 26 МГ, 87 МГ,55 ОМ.

ІІІ орын – №№83 МГ, 74 МГ, 58 МГ, 68 МГ, 4 МГ, 55 ОМ, 24 ОМ, 65 МГ, 50 МЛ.

Грамота –  №№51 МГ, 67 Г, 90 Г, 61 ОМ, 86 МГ, Бином «Тұран», 8 МЛ.

2. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» — ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау номинациясына 33 оқушы қатысып – 

Бас жүлде – №68 МГ .

І орын – №№63 МГ, 65 МГ.

ІІ орын –№№55 ОМ, 66 МЛ, 79 МЛ, Бином «Ұлы дала».

ІІІ орын -№№26 МГ, 27 МЛ, 31 МГ, 67 Г, 70 МЛ, 73 МЛ, 74 МГ, Бином «Тұран», 57 ОМ.

Грамота –  №№72 МЛ, 77 МГ, 89 МЛ, 90 Г.

3. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» — жазба ақындар мүшайрасына 29 оқушы қатысып –

Бас жүлде – №74 МГ .

І орын – №87 МГ.

ІІ орын –№№2 МГ,  №7 МГ,63 МГ, №66 МЛ.

ІІІ орын – №№53 МЛ, №55 ОМ, 58 МГ, №72 МЛ, №76 МЛ, №79 МЛ,               Бином «Ұлы дала»,

Грамота –  №№18 ОМ, 51 МГ, 67 Г, 68 МГ.

Әр номинация бойынша ҚР мәдениет қайраткерлері, ақындар мен өнер майталмандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қазылық қызмет атқарды.

Нұр – Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің атынан республикалық кезеңде өнер көрсететін қалалық іріктеу кезеңінің жеңімпаздарын №38 мектеп –лицейінің 8 сынып оқушысы Жидебай Айзаданы, №68 мектеп –гимназиясының 8 сынып оқушысы Махмутова Ақнұр мен №74 мектеп –гимназиясының 10 сынып оқушысы Сағынай Жаннурды үлкен әрі жауапты дода күтіп тұр! Елорданың атын асқақтатып, оза шабуын тілейміз!

Қадыр оқуларының республикалық кезеңі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өтеді.            Республикалық Қадыр оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізуге қосқан үлестері және ұйымдастыру жұмысына атсалысқандары үшін  №65 мектеп- гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз!