«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 2022 жылдың 29 сәуірінде 4-сынып оқушылары арасында ІІ қалалық «Бала Абай» байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: Бала Абайдың балалық шағын дәріптей отырып, Абай шығармаларын сүйіп оқуға баулу, шығармашылықтарын шыңдау.
Байқау 2 номинация бойынша өтеді:
I номинация: Абай өлеңдерінен эстафета (алдын ала берілген 30 өлеңнің алдыңғы бес шумағын жаттау, қайым айтыс форматында кідіріссіз жалғастыру);
II номинация: Абай шығармаларынан берілген бағыттар бойынша сахналық көрініс көрсету.
Өтетін орны: №87 мектеп-гимназиясы (А.Иманов көшесі, 37)
Өтетін уақыты: 09.30-13.00
Тіркеу уақыты: 09:00-09:20
Байқауға елордалық 120 білім беру мекемелерінен 4-сынып оқушылары (62-і I номинация, 58-і II номинация бойынша) қатысады.