«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 5-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 29 сәуір күні №65 мектеп-гимназиясында республикалық Қадыр оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізетінін хабарлайды.
Ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-әлінің шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында өтетін байқау үш номинациядан тұрады:
- «Сөзім барда-өзім бар» — ақын өлеңдерін жатқа оқу;
- «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» — ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау;
- «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» — жазба ақындар мүшайрасы.
Оқуларға әр білім беру мекемесінен әр номинацияға бір оқушыдан қатыса алады.
Қалалық іріктеу кезеңінің бас жүлде иегерлері республикалық кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің атынан өнер көрсетеді.
Қадыр оқуларының республикалық кезеңі 2022 жылдың 12 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өтеді.