Республикалық Қадыр оқуларының қалалық іріктеу кезеңі

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 5-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 29 сәуір күні №65 мектеп-гимназиясында республикалық Қадыр оқуларының қалалық іріктеу кезеңін өткізетінін хабарлайды.
Ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза-әлінің шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында өтетін байқау үш номинациядан тұрады:

  1. «Сөзім барда-өзім бар» — ақын өлеңдерін жатқа оқу;
  2. «Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» — ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындау;
  3. «Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» — жазба ақындар мүшайрасы.
    Оқуларға әр білім беру мекемесінен әр номинацияға бір оқушыдан қатыса алады.
    Қалалық іріктеу кезеңінің бас жүлде иегерлері республикалық кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің атынан өнер көрсетеді.
    Қадыр оқуларының республикалық кезеңі 2022 жылдың 12 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында өтеді.