«Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғаждембек Қуанышұлы «Атамекен бизнес TV» телеарнасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат аралас мектептерді қысқартып, қазақ тілінде оқытылатын мектептердің санын арттыру төңірегінде болды. Эфирде ұлт болашағының негізі-ана тіліміздің мәртебесін көтеру жөнінде өзекті мәселелер талқыланды.